Қазақстан елшісі Жапония парламенті кеңесшілер палатасының спикерімен кездесті

19 Қазан 2019, 02:40
2406
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Жапония парламенті кеңесшілер палатасының спикерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония парламенті кеңесшілер палатасының спикері Акико Сантомен кездесу өткізді.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

"Кеңейтілген стратегиялық серіктестік" деңгейіне жеткен екіжақты қарым-қатынастардағы оң динамиканы атап өтіп, Акико Санто Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей рейс ашылғаны үшін алғысын білдірді. Оның пікірінше, бұл екі ел арасындағы туризм мен бизнес байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Жапония тарапы жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күш-жігерін жұмсап жатқан 2020 жылы Токиодағы жазғы Олимпиадаға Қазақстанның ұлттық құрамасын асыға күтетінін атап өтті.

«Өз кезегінде елші Ерлан Баударбек-Қожатаев жапон саясаткерін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың жаһандық ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларын жүзеге асыру барысымен таныстырды.Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ішкі саяси және экономикалық жағдай туралы хабардар етті, атап айтқанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген елдің одан әрі дамуының мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елші Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттасушыны 23- 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім.Серіктестік" атты Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесінің нәтижелерімен таныстырды. Осы іс-шараға Жапония парламенті өкілдер палатасы спикерінің арнайы өкілі ретінде Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамура қатысты.

Өзгелердің жаңалығы