Қазақстан елшісі Моңғолия Ұлы хуралы төрағасымен кездесті

13 Ақпан 2020, 00:25
1610
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Моңғолия Ұлы хуралы төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаевтың Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Гомбожавын Занданшатармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ағымдағы жылғы зейнетақымен қамсыздандыру, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік, білім және ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары, сондай-ақ бірқатар ведомствоаралық құжаттарға қол қою талқыланды. Парламентаралық байланыстарды нығайтуға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Жалғас Әділбаев Моңғолияның заң шығарушы органының басшысына Қазақстандағы соңғы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің одан әрі дамуына қатысты саясаттың мақсаттары мен міндеттері жөнінде мағлұмат берді.

Қазақстандық дипломат Парламент төрағасына 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Абунасыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, сондай-ақ Алтын Орда құрылуының 750 жылдығын тойлауға арналып өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімет берді.

Г.Занданшатар өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы қазақстан-моңғол қатынастарының дамуының оң динамикасын, сондай-ақ Моңғолия Қазақстанмен екіжақты қатынастарды түрлі салаларда кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы