Бас жаңалықтар
Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты
13 Наурыз 2019, 11:54 670

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты

Астана, BAQ.KZ. Аталған ұшақ түрін пайдалануға бүгіннен бастап тыйым салынды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook-тегі ресми сайтында мәлім етті.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда «Scat» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылатынын хабарлайды», - делінген хабарламада

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген.

Еске сала кетейік, Ethiopian Airlines әуекомпаниясының 157 жолаушысы мен экипажы бар Boeing 737 Max 8 ұшағы 10 наурыз күні Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Жолаушылар ұшағы Эфиопия астанасы Аддис-Абебтен Кения астанасы Найробиге бара жатқан. Барлық жолаушысы мерт болған апаттың неден шыққаны әзірге белгісіз.


Сізден жаңалық