Бас жаңалықтар
Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясы V отырысының эксперттік топ жиыны өтті
14 Ақпан 2020, 09:30 46

Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясы V отырысының эксперттік топ жиыны өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінде жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен Комиссиясының 5-отырысының эксперттік топтың жиыны өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тарапты ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимова, ал қатарлық делегацияны – ҚМ сауда және өнеркәсіп министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ахмед Ахин басқарды.
 
Отырыстың күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынастар мәселелері, оның ішінде сауда, экономика және инвестиция, жер қойнауын пайдалану, әуетранспорт, білім, сондай-ақ қаржы және банкинг, мәдениет және спорт салалары кірді.
 
Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының отырысы 14 ақпанға дейін жалғасады. ҮАК тең төрағалары – ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және ҚМ Сауда және өнеркәсіп министрі Али бен Ахмад Аль-Кауари.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...