Бас жаңалықтар
Қазақстан #16күн акциясын белсенді қолдайды
10 Желтоқсан 2019, 11:43 890

Қазақстан #16күн акциясын белсенді қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстан дүниежүзілік акцияны қолдап, зорлыққа қарсы күресетінін көрсетіп отыр. Мұндай пікірді Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясының үйлестірушісі Арсен Әубәкіров айтты. 

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ретінде әлем бойынша 16 күндік акция өтіп жатыр. Қазақстан бұл акцияны өте белсенді түрде қолдайды. Акция аясында көптеген елде әйелдер өз құқықтарын қорғап, митингке шығып, шараларды жүзеге асыруда, - деді ол.

Маман бұл мәселені шешуде қарапайым халықтан бөлек, заңнамалық тетіктер де дұрыс емес дейді. Не болмаса, бар заң толық орындалмайды. Полицейлер шағымданған әйелді үйіне қайтарып, мәселені жаба салған фактілер де көп. 

Мәселен, заңдар бар, алайда ол тиімсіз болып отыр. Себебі, бұл мәселені қылмыстықтан әкімшілікке ауыстыру да өз рөлін ойнады. Өзге  де жолдар бар, алайда олар тиімсіз. Осыған байланысты әйелдер тарапынан өтініш саны да азайып кетті. Себебі, қорғау тетіктері азайды. Полиция қызметкерлері де өтініштерді қабылдамай, құрбандардың санын азайту үшін жұмыс істейді. Оған қоса, көп әйелдер зорлықты физикалық және сексуалдық деп қана қабылдайды. Ал зорлықтың түрі көп, ол моральдық, қаржылық және тағы да басқа түрлері болуы мүмкін, - деді Әубакіров.

Бүгінде Коалиция Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бөлек Қостанай, Шымкент, Семей, Ақтөбе қалаларында зорлыққа қарсы насихат және түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Өңірлерде жастармен тұрмыстық зорлық және психологтармен жұмыс жүргіздік. Қазір біз стратегиялық жоспарлау кезеңіндеміз,әрі қарай ұйымдастырушылық істерді атқарып, жұмыс аямызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз, - деді Арсен Әубәкіров.

Айта кетсек,  елордада Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясы 2019 жылда елімізде болған статистиканы жариялап, атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, сексуалды зорлық көрсеткішінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде 1-орында тұрғаны туралы жазған едік. 


Фото: дереккөз
Загрузка...