Қазақ ақыны Бельгия мен Франциядағы фестиваль лауреаты атанды

23 Тамыз 2019, 08:55
1868
Бөлісу:
Қазақ ақыны Бельгия мен Франциядағы фестиваль лауреаты атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ақыны Бельгия мен Францияда өткен халықаралық поэтикалық фестивальдің лауреаты атанды, деп хабарлайды 24.kz.

Қанат Омар «Эмигранттық лира» деп аталатын әдеби байқауға өз туындыларын ұсынған екен. Біраз жыл Ресейде, одан Америкада өмір сүрген автордың шығармалары негізінен туған ел тақырыбын қамтиды. Сөйтіп, поэзия әлеміне із салып, қазақтың атын шығарып жүрген ақын халықаралық байқауда топ жарды. Қаламгер осы фестиваль аясында Еуропаның төрт қаласында болып, оқырман қауымға өз өлеңдерін оқып берді. 

"Мен үшін ең бастысы, осы фестиваль арқылы Брюссель, Льеж, Брюгге мен Париж сияқты əлемнің мəртебелі сахналарынан өнер көрсету болды. Себебі әрбір автор өз өлеңін көпке жеткізгісі келеді. Бұл кез келген ақынның арманы деп ойлаймын", - деді халықаралық әдеби байқау лауреаты Қанат Омар.




Өзгелердің жаңалығы