ҚазҰУ-да Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтіп жатыр

18 Қазан 2019, 17:25
5072
Бөлісу:
ҚазҰУ-да Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Әбдіжәміл Нұрпейісов әдеби әлемі" атты шығармашылық кеш өтіп жатыр. 

Шараға шығармашылық зиялы қауым, қоғам және масс-медиа өкілдері, Алматы қаласының ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысуда. Кездесу барысында Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов жазушыны мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

"Әбдіжәміл Нұрпейісов еліміздің әдебиетіне баға жетпес үлес қосқан аса көрнекті тұлға. Қазақтың жазба әдебиеті аса бай тарихы бар көркем әлем. Соның көркем проза саласында Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сынды әдебиет алыптарының ізін жалғаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер", "Соңғы парыз" атты туындылары әлемдік әдебиеттің алтын қорына үлес салған құнды қазына", - деді ректор.   

Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР Мемлекеттік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Оның еңбектері француз, неміс, испан және басқа тілдерге аударылған. Жазушы халықаралық қазақ PEN-клубының негізін қалап, 20 жылдан астам оны басқарып келеді.

Өзгелердің жаңалығы