Бас жаңалықтар
Дуалды оқыту: Аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін жеңілдіктер жасалған
27 Наурыз 2019, 12:07 572

Дуалды оқыту: Аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін жеңілдіктер жасалған

Атырау, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Кәсіпқор" холдинг басқарма басшысы Күзенбаев Ермек Атыраудағы APEC petrotechnik колледжіндегі баспасөз-турында айтты. 


"APEC Petrotechnic – бұл сапалы деңгейдегі білім беру қызметтерін ұсынатын, мұнай-газ секторында жұмыс істеуге ниетті түлектерге арналған жоғары деңгейдегі колледж. Колледжде 600 студентке арналған 4 жатақхана бар. Барлығы спорт залдарымен, студентке керек барлық жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнда студенттерден бөлек осы сала бойынша білімін жетілдіруге келген түрлі компаниялардың мамандарына арналған 100 орындық хостел де қарастырылан.  Жатақханада әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін жеңілдіктер бар " - дейді "Кәсіпқор" холдинг басқарма басшысы Күзенбаев Ермек.







Бұған дейін, Атырауда дуалды оқыту бойынша баспасөз-туры басталғанын хабарлаған болатынбыз. 




 


Аталған шара шеңберінде «Эмбамұнайгаз» АҚ өндірістік алаңы және APEC Petrotechnik колледж аумағын, оқу және техникалық базасы таныстырылады. Жалпы, баспасөз-туры екі күнге созылады. 






Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық