Бас жаңалықтар
Атырауда дуалды оқыту бойынша баспасөз-туры басталды
27 Наурыз 2019, 11:45 524

Атырауда дуалды оқыту бойынша баспасөз-туры басталды

Атырау, BAQ. KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27-28 наурыз күндері Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры басталды.


Аталған шара шеңберінде «Эмбамұнайгаз» АҚ өндірістік алаңы және APEC Petrotechnik колледж аумағын, оқу және техникалық базасы таныстырылады. 

APEC Petrotechnic – бұл сапалы деңгейдегі білім беру қызметтерін ұсынатын, мұнай-газ секторында жұмыс істеуге ниетті түлектерге арналған жоғары деңгейдегі колледж. Оқу орнының басқа оқу орындарынан ерекшелігі – білім ордасында шетелдік мұнай-газ компанияларының халықаралық стандарттары мен талаптарына негізделген жаңа білім беру бағдарламаларының пайдаланылуында. Колледж студенттері ағылшын тілінде оқиды. Білім берудегі маңызды тұсы – оқыту әдісі.

Колледждегі дуалды оқытудың арқасында оқытушылар студенттерді жұмыстың тәжірибелік дағдыларына баулып, оқу орнын бітірген соң, түлек осы дағдылардың көмегімен жұмысқа оңай кірісіп кетеді.
Бұл орайда колледж Қазақстанда шетелдік және отандық компаниялар қолданатын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.



Фото: автордан

Сізден жаңалық