Аз ақшаға тендерді ұтып алғандар біздің классиктерді аударып жатыр - Бигелді Ғабдуллин

17 Қыркүйек 2019, 17:25
2901
Бөлісу:
Аз ақшаға тендерді ұтып алғандар біздің классиктерді аударып жатыр - Бигелді Ғабдуллин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бізде халықаралық жоғары сыйлықтарға, оның ішінде Нобель сыйлығына лайықты жазушылар көп. Бұл туралы халықаралық қазақ ПЕН клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин Алматыда өткен брифинг кезінде айтты. 

Жиын барысында ол,  7-8 жыл бұрын Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармаларын ағылшын тіліне аударған жазушы Нобель сыйлығының шорт-литіне еніп жүргенін жеткізді. 

“Мен батыс әдебиетін, испан тіліндегі әдебиеттерді көп оқимын. Ал біздің 1980-1990 жылдарында жарық көрген прозалар әлемдегі ең үздік шығармалар болып табылады. Тек бізде көркем аударма жағы жетіспей жатыр. Біздің аудармашылар бірнеше тілді біледі, тілді жақсы меңгергенімен көркем аударманың жөні бөлек. Ол үшін көркем аударманың таланты болу қажет. Аударманы сол тілдің иелері жасаған жөн”,- дейді ол. 

Сонымен қатар, ол қазір елімізде "Рухани жаңғыру&QUOT"; бағдарламасы аясында көптеген кітаптар аударылып жатқанын айта келе олардың апасы сын көтермейтінін айтты.

“Олар қалай аударылып жатыр? Оның барлығы тендер арқылы жасалып жатыр, яғни кім аз ақша сұрайды солар біздің классиктерді аударады. Оның қалай аударылғанын сұрайтын ешкім жоқ. Аударманы екінің біріне беруге болмайды”,- дейді ол. 

Сөз арасында ол кімді аударатынымызды білуіміз керек деген ойын да біодірді. 

“Бізде 800-ге жуық жазушы бар, соның ішінен іріктеп алып қай жазушыны қай тілге аударатынымызды да білуіміз керек. Мысалы, Смағұл Елубаевты қытай тіліне аударып керегі жоқ, Дулат Исабековті араб тіліне аудау қажет емес, оны орыс тіліне аударудың өзі қиын. Сондықтан кімді аударамыз, кім аударады, қай жерден шығарамыз деген дүниені білуіміз керек. Біздің адамдар қызық осы жерде қытай, араб, ағылшын тіліне аударып таратады, оны мұнда ешкім оқымайды. Біз оны шетелде аздап шығарып дүкенге қоямыз, өтіп жатса тағы басамыз”, - деді Б. Ғабдуллин.  

Сондай-ақ,  ол 25-27 күндері аралығында өтетін Халықаралық жазушылар форумында қазақ жазушыларын қалай аударамыз деген мәселе жан-жақты талқыланатынын айтты.

“Біздің жазушылар шығармаларын шет тіліне аударғанымен оны тарату жолын білмейді, оның үстіне шетелдік әріптестерімен байланыс орнатпаған. Сондықтан біздің клуб қазақ жазушылары мен публицистерінің шығамаларын шетелге насихатау ісін қолға алып отыр”, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы