Бас жаңалықтар
Айдос Сарым: «Бэби-бум» мемлекетке жаңа міндеттер жүктеді
03 Қыркүйек 2021, 16:01 191

Айдос Сарым: «Бэби-бум» мемлекетке жаңа міндеттер жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сараптамалық талдау алаңында Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым айтты. Сондай-ақ белгілі саясаттанушы Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды алға тартты.

Егер былтырғы мен биылғы Жолдауды салыстыратын болсақ, бұл Жолдау сенімділігімен ерекшеленеді. Қазір билік орын алған жағдайларға қатысты әрекет етіп қана қоймай, күн тәртібін қалыптастыруға тырысуда. Мұны аса батылдықпен жүзеге асырылып жатыр. Бір көңіл қуантатыны, бізде барлығы адамға, қоғамға, елдегі проблемаларды шешуге бағытталған. Егер байқаған болсаңыздар, Жолдау құрылымдық жағынан азаматтарымыздың үлкен санатына құрылған, - деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ ол былтырғы пандемия «бэби-бумның» деңгейін көтергеніне тоқталды.

2020 жылы 420 мыңнан астам бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш биыл одан да артқан. Бұл дегеніміз осы екі жыл ішінде миллиондаған жас азаматтарымыз қатарға қосылды деген сөз. Мемлекет алдағы уақытты ойлап отыр. Бұрын 800 мектеп делінсе, енді 1000 білім ордасын салу қажеттігін түсінді. Әлеуметтік міндеттерді өсіріп жетілдіреміз, себебі алда тұрған міндетіміз көп, - деді Айдос Сарым.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...