Бас жаңалықтар
Айдапкелов санаққа енгізілген деректерде қандай қателіктер кеткенін айтты
15 Қыркүйек 2021, 16:47 149

Айдапкелов санаққа енгізілген деректерде қандай қателіктер кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Халық санағы басталған күннен бастап екі апта уақыт өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта ол тек онлайн режимде өтіп жатыр. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше тәсілі көзделген. Бұл мамандандырылған sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталында авторизациялау арқылы, сондай-ақ Aitu мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі бар. Бүгінгі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша санақтан 3024216 азамат өтті, - деді Айдапкелов.
Оның айтуынша, халықты онлайн санақпен кеңінен қамту мақсатында «санақ бұрыштары» деп аталатын орындар ұйымдастырылды.
Олар қандай қызмет атқарады? Бұл интернетке қолжетімді компьютерлер орнатылған бөлмелер немесе залдар. Бұл бұрыштарда аумақтық статистика органдарының консультанттары жұмыс істейді. Үйде процедурадан өтуге мүмкіндігі жоқ кез келген азамат жиі баратын жерлерде санақтан өте алады. Олар ХҚКО ғимараттарында, «Қазпошта» АҚ филиалдарында, білім беру мекемелері мен ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылды. Жалпы ел бойынша 3100-ден астам осындай бұрыш ашылды, - деді ол.
Айдапкеловтың айтуынша, халық санағын өткізу барысында азаматтардың бірқатар дұрыс емес дерегі анықталды.
Санақтан өткендер сауалнамаларды толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жол автоматты түрде толтырылатынын байқаған шығар. Бұл мемлекеттік деректер қорынан алынған тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және басқа да ақпарат. Мысалы, төрт ер адам деректер базасында әйел деп көрсетілгені белгілі болды. Үш әйел ер адамдар ретінде көрсетілген. Бұл адамдарға мәртебесін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну ұсынылды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...