Аягөздегі балалар орталығындағы балалар мен қызметкерлерден КВИ анықталды

13 Шілде 2020, 18:23
1959
Бөлісу:
Аягөздегі балалар орталығындағы балалар мен қызметкерлерден КВИ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөзде арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында шамамен 40-қа жуық бала мен 22 қызметкер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы орталық директоры Шолпан Мұқашева Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Шолпан Мұқашева бұл қызметке жақында ғана – 2020 жылдың 2 шілдесінде кіріскен. Оның айтуынша, 28 маусымда орталықтың екі тәрбиеленушісі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Балалардың бірі каникулде үйіне барып қайтқан, екіншісі Өскемендегі психикалық орталықтан келген. Олар аудандық ауруханаға жіберіліп, емделіп шыққан. Қазір орталықтың оқшауланған жеке бөлмесінде жүр.

2 шілде вирус анықталған сәттен бастап орталықта карантин күшейтілген, барлық балалар мен қызметкерлер ПЦР әдісімен тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкерден коронавирус табылды. Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - делінген Шолпан Мұқашеваның жазбасында.

Болжам бойынша, инфекция карантинге дейінгі кезеңде кірген. Мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін ведомствоаралық ұйымдардың мамандары қарап шықты. Ешкімде COVID-19 ауруының белгілері байқалмағаны анықталмады.

Барлық балалар медициналық персоналдың тәулік бойы бақылауында, дене қызуы, тыныс алу жиілігі, қызметкерлер бақылау парақтарын жүргізеді. Қазіргі уақытта барлық балалар қанағаттанарлық жағдайда, аурудың белгілері жоқ. Мамандар бөлінген топтарда қалыпты режимде сабақтар өткізеді.

Орталық арнайы аймақтарға бөлінді, серуендеу, тамақтану кестесі жасалды, оқшаулау бөлмесі де жасақталды. Бүгінде дезинфекциялық заттар жеткілікті. Ведомствоаралық ұйымдар көмек көрсетуде. Бұл індетті бірге жеңеміз деп үміттенемін! – деп түйіндеді Шолпан Мұқашева.
Өзгелердің жаңалығы