Бас жаңалықтар
Қарағандыда бұзақылар жолаушылар автобусына оқ жаудырды
09 Қазан 2019, 10:18 384

Қарағандыда бұзақылар жолаушылар автобусына оқ жаудырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда белгісіз біреулер жолаушылар автобустарына оқ жаудырған. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 қазан күні кешкі сағат 19:00-де болған. 

"Белгісіз адам 45 квартал аялдамасы маңында пневматикалық қарудан №40 автобустың (сол кезде автобустың ішінде 40-45 адам болған), №45 жолаушылар автобусының (шамамен 120 адам болған) және №33 жолаушылар автобусының терезелеріне оқ жаудырған (60-70 адам болған). Жәбірленушілер жоқ.Оқиға болған жерді тексеру барысында №45 автобус салонының ішінен 4,5 мм пневматикалық қарудың оғы табылды", - деп хабарлады полиция департаментінде. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3 тармағы 2 бөлімі («Бұзақылық») бойынша
қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.



Фото: дереккөз
Загрузка...