Австралияда вирус жұқтырғандар саны артты

28 Маусым 2020, 11:36
1361
Бөлісу:
Австралияда вирус жұқтырғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл құрлықта да жағдай мәз емес. Мысалы, Австралияның Виктория штатында коронавирусты жұқтырғандар саны артты. 

Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады. 

Кеше бұл аймақта 41 адамнан қауіпті вирус анықталып, елдегі денсаулық сақтау саласы өкілдерінің мазасын қашырды. Осыған байланысты жергілікті билік дереу тұрғындар арасында дертті анықтау мақсатында тест тапсыру қажет екенін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатыр. 

Айта кетейік, қазір Австралияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 7 жарым мыңнан асқан. Дерттен 104 науқас қайтыс болған.



Өзгелердің жаңалығы