Австралияда әуежайды жарып жібермек болған қаскөй қолға түсті

3 Ақпан 2019, 16:52
2201
Бөлісу:
Австралияда әуежайды жарып жібермек болған қаскөй қолға түсті

Астана, BAQ.KZ. Австралияның Брисбен қаласындағы белгісіз біреу әуежайға баса көктеп кіріп, ғимаратты жарып жібермекші болған, деп жазады «Хабар.24»

Куәгерлердің айтуынша, қаскөйдің қолында темір қорапша болды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолаушылардың барлығын эвакуациялап үлгерді. Қаскөй болса қазір қамауда отыр. Абырой болғанда, адамдардың барлығы дін аман. Полиция ғимаратты жіті тексеріп жатыр. Әуежайдағы төтенше жағдай деңгейі әлі де сақталып тұр.

Айта кетейік, Брисбендегі халықаралық әуежай жолаушы айналымы бойынша Сидней мен Мельбурннан кейінгі орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы