Бас жаңалықтар
Ауылдың ілгерлеуі сайлау қорытындысына тікелей байланысты – байқаушы
PHOTO
25 Шілде 2021, 14:37 303

Ауылдың ілгерлеуі сайлау қорытындысына тікелей байланысты – байқаушы

Жамбыл облысы. BAQ. KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы Байзақ ауданында ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан ауылдық округ әкімдерін сайлау науқаны жоғары деңгейде өткізілуде.

Бұл туралы байқаушы Гүлнар Давлетбаева айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда аталған аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы №128 сайлау учаскесіне 2 078 адам тіркелсе, оның 40 %-дан астамы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Баршамызға белгілі, бүгін еліміздің тарихында алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау процесі болып жатыр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанының көрінісі деуге болады. Осы уақытқа дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихаттардың депутаттары шешіміне сәйкес сайланып келсе, енді ауылдардың әкімдерін тұрғындардың өздері тікелей таңдау арқылы анықтайды, - деп атап өтті ол.

Байқаушы дамыған мемлекеттерде осындай үрдіс көп жылдардан бері қолданылып келе жатқанын еске салды. Қазақстанда қордаланған әлеуметтік-тұрмыстық проблемалардың жүйелі шешімін табуы, ұлттық экономиканың ілгерілеуі, аймақтардың өсіп-өркендеуі осы саяси науқанның қорытындысына тікелей байланысты. Мұны Байзақ ауданының халқы да анық сезініп отыр.


Біздің Байзақ ауданында үш бірдей ауылда, атап айтар болсам, Көктал ауылы мен Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтерінде әкім лауазымына сайлауға тоғыз кандидат тіркелген. Олардың қатарында «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның халық партиясы» және Nur Otan партиясы атынан ұсынылған кандидаттар мен өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар, - деді Гүлнар Давлетбаева.

Оның айтуынша, сайлаудың әділ әрі ашық өтуі үшін партия өкілдері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерінен құралған байқаушылар тобы барлығын жіті бақылап отыр. Әлемдік пандемияға байланысты сақтық шаралары да күшейтілген. Алайда ауылының ертеңі мен кемел келешегі үшін өз таңдауын жасауға ағылған халықтың қарасы қалың. Олардың қатарында жастардың басым болғаны қуантады.


Айта кетейік, Жамбыл облысында қазіргі таңда саяси науқан 38 ауылдық округте өтуде. Олардың денінде халықтың 500 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.



Фото: автордан
Загрузка...