Ауылдар жаңа стандарттарға сәйкес жаңғыртылады

17 Наурыз 2021, 14:18
2597
Бөлісу:
Ауылдар жаңа стандарттарға сәйкес жаңғыртылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай әрбір тірек ауылға дейінгі барлық республикалық және жергілікті жол қайта жаңартылып, жөнделеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстыру барысында айтты.

Оның айтуынша, «Теңгерімді аумақтық даму» жалпыұлттық басымдығы аясында өңірлердің әлеуетін ашуды және олардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін нығайту көзделген.

Солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін ашу, сондай-ақ елдің батыс, орталық және орталық-шығыс өңірлерінде өнеркәсіптің «жаңа бөліністерін» дамыту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

2025 жылға қарай әрбір тірек ауылға дейінгі барлық республикалық және жергілікті жол қайта жаңартылып, жөнделеді. 3,5 мыңнан астам ауыл жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес жаңғыртылады. Елдегі барлық тұрғын сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізе алады, - деді министр.

Сонымен қатар «адамдар инфрақұрылымға» қағидатын іске асыру барысында 2025 жылға қарай урбанизация деңгейі 62,6%-ды құрайды.

Бұған дейін елімізде 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетінін мәлім болды.


Өзгелердің жаңалығы