Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер қалай шешіледі? Сарапшының жауабы
14 Қаңтар, 12:31 639

Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер қалай шешіледі? Сарапшының жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің  аға ғылыми қызметкері Бекжан Садықов айтты. 

Үкімет отырысы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін және саланың тұрақтылығын нығайту жөніндегі стратегиялық мақсатты сақтай отырып, тактикалық басымдықтарды өзгертуді ұсынды. Негізгі шара саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету болды. Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктерін оңайлатуға, басқарудың көлемі мен нысанына қарамастан барлық субъект үшін тең қолжетімділікті оңтайландыруға және қамтамасыз етуге бағытталған. Қолдауды кеңейту мен жеңілдетудің арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, осы салаға қатысты жеке сектор субъектілері үдемелі даму үшін қажетті жағдайда жұмыс істейді, - деп атап өтті Бекжан Садықов.

Сарапшы атап өткендей, орталық салалық басқарма «Кең дала» бағдарламасы  70 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиелендіру және «Азық-түлік корпорациясы» АҚ 80 млрд теңгеге форвардтық сатып алуды жариялады.

2022 жылы тұқымдарды, тыңайтқыштарды және пестицидтерді сатып алуды субсидиялауға 70 млрд теңге қарастырылған. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының ішіндегі тағы бір жаңалық болды. Бұл шаралар агроөнеркәсіпті дамытудың қаржылық тетіктеріне әртараптандырылған қолжетімділікті алу мүмкіндігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы нарығына шығуын жеңілдетуді білдіреді. Сонымен қатар субсидиялаудың бірыңғай интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық жүйесі әзірленді. Цифрландыру мүмкіндіктерінің арқасында әлеуетті алушыларға қолдау көрсету әлдеқайда жеңіл болады, – деді Бекжан Садықов.

Оның айтуынша,  министрлік азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешуді қолға алады. 2022-2025 жылдарға арналған жемшөп саласын дамытудың Жол картасын жүзеге асыру туралы айтты.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды бағыт – жеммен қамтамасыз етудегі тұрақтылық. Құрғақшылық жағдайында Маңғыстау облысында болған оқиға және жерді пайдаланудағы проблемалар азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны бәріміздің есімізде. Енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі түйінді мәселені шешуге бағыт алды. Атаулы Жол картасы аясында ауыл шаруашылығын нақты әртараптандыруды қамтамасыз ету арқылы ауа райының кері әсерін теңестіру құралы енгізілді, - деді Садықов.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасында импортты алмастыру бойынша шаралар кешені қарастырылған.

Министрлік жекелеген тауарлардың экспортына уақытша шектеулер енгізу бойынша жедел шаралар қабылдады. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін күнбағыс майын экспорттауға сандық шектеу қойылды, картоп пен сәбізді экспорттауға үш айға, тірі мал мен ұсақ малды экспорттауға алты айға тыйым салынды, – дейді сарапшы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...