Ауыл шаруашылығы саласында тауар өңдеу мен экспорты артқан

28 Желтоқсан 2021, 13:19
1071
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы саласында тауар  өңдеу мен экспорты артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай азық-түлік қауіпсіздігі туралы өткен семинарда айтты.

Әлемде және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселе болып отыр.

Оны шешу және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін еліміз бағдарламалар мен құжаттар аясында нақты шараларды қабылдап жатыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнім 1,4 есе өсті. 2020 жылы 6,3 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, - деді Өсербай.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспорт көлемі 6% өсіп, шамамен 3,3 млрд доллар болды.

Саланың инвестициялық тартымдылығы артып отыр. Инвесторлар республика бойынша қабылдап жатқан шараларға қолдау білдіріп отыр, - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы негізгі капиталына келген инвестиция 44 пайызға артып, 570 млрд теңге болды.

Өзгелердің жаңалығы