Энергетика министрі : Биыл 67,6 млн тонна мұнай экспортталды

28 Желтоқсан 2021, 13:09
1146
Бөлісу:
Энергетика министрі : Биыл  67,6 млн тонна  мұнай экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна болды. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев брифингте мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр отын-энергетика саласында атқарылған жұмыстар туралы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы жөнінде ақпарат берді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны, мұнай экспорты 67,6 млн тонна болды. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 17,1 млн тоннаға және мұнай өнімдерін өндіру көлемі 13,1 млн тоннаға тең болды. Тәуелсіздік жылдары ішінде біз мұнай өндірудің ұлғаю серпінін көріп отырмыз. Перспективада мұнай өндіру одан әрі де өсетін болады, - деді ол.

Еліміздің мұнай өндірудегі драйверлеріне айналған үш ірі мұнай-газ жобасы – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Министрдің айтуынша, олар елдің экономикалық өсуіне айтарлықтай үлес қосуда. Мұнай өндіруді арттыру мақсатында арнайы жобалар қолға алынған.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Теңіз жобаларында мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тоннаны, газ өндіру көлемі – 14,5 млрд м3 құрайды. Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд АҚШ долларын құрайтын «Келешек кеңейту» жобасы іске асырылуда, бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 87% құрайды, жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді  Мырзағалиев.

Өзгелердің жаңалығы