Ауыл еліміздің жүрегі де, анасы да – депутат

31 Шілде 2020, 10:28
1546
Бөлісу:
Ауыл еліміздің жүрегі де, анасы да – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесарық, МИС, lll Интернационал ауылдарында болып, ауыл тұрғындарының тыныс тіршіліктерімен аудан әкімі Мұса бауырыммен бірге таныстым. Бұл туралы facebook-тегі парақшасында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жазды. 

Қиыншылықтарға қарамастан халықтың көңіл күйі дұрыс. Су тапшы болса да күріш шығымы жақсы, бидай, жоңышқа, алма егудің көлемін, төрт түлік мал басын көбейтуді қолға алыпты. Ауылдардың абаттандырылуы, тазалығы көңілден шығады. Ауыл тұрғындарының орталық алаңда демалуына барлық жағдай жасалған, - деді депутат.

Бақтиярұлы атағандай, тұрмысы төмен отбасыларына, ауыл тұрғындарына жем-шөп, отын-сулары өте төмен бағамен жеткізіліп береді екен. 

Осы жұмыстың басында Дәулет-Абай ЖШС басшысы иманды азамат Мұрат Сәрсембаев бауырым жүр. Қазір осы шаруашылық 300 -ден аса ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, тұрақты айлық беріп келеді. Өз қаржысы есебінен тұрғындарға үй салып беруді қолға алған. Жуырда төрт ірі қара етін мұктаж жандарға тегін таратып, үнемі қаржылай көмек көрсетеді екен. Үлкен алғыс, елімізде тапқан табысының басым бөлігін халқымен бөлісетін осындай азаматтар көбейе берсін дейік. Ауыл еліміздің жүрегі де, анасы да, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы