Ауа райына байланысты төрт өңірде жолдар жабылды

8 Ақпан 2019, 11:23
2450
Бөлісу:
Ауа райына байланысты төрт өңірде жолдар жабылды

Астана, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды.

«Қазақавтожол» өкілдерінің мәліметінше, СҚО, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылған. Мұнда қоғамдық және дизельді көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылып отыр. Павлодар облысында да ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеп, барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал-Тасқала, Самара-Шымкент тасжолдарының жабылғаны айтылады. Атырау облысында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолы, Шұбарқұдық-Қарауылкелді ауылындағы тасжол жабылған. Алматы облысында да Үшарал-Достық тасжолында барлық көлік түрі үшін қозғалыстың тоқтатылғаны айтылады.

Өзгелердің жаңалығы