Бас жаңалықтар
Ауа райы: Мереке күндері жаңбырлы болады
07 Мамыр 2021, 10:15 231

Ауа райы: Мереке күндері жаңбырлы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері Қазақстан аумағында мерекелік ауа райы болмайды деп болжануда. 

Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. 

Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде жаңбыр жауады. 

Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда 7 мамырда температура фоны 12...20°С дейін төмендеп, түнде үсік жүруі мүмкін. 


Фото: дереккөз
Загрузка...