Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

10 Мамыр 2020, 09:10
1499
Бөлісу:
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар және онымен байланысты атмосфералық ағымдар ықпал ететін болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Соның салдарынан жауын жауып, елдің оңтүстігіне, оңтүстік батысында нөсер жауын жауады. 

Елдің тек шығысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстік батыста түнде және таңертең тұман түседі. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, бұршақ жаууы да ықтимал. 

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамықпен соғады. Бұршақ жаууы да ықтимал. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында және күндіз Павлодар облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында да жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз найзағай ойнайды. 

Мағыстау облысында найзағай ойнап, түнде және таң ата тұман түседі.



Өзгелердің жаңалығы