Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

15 Қаңтар 2019, 16:18
2170
Бөлісу:
Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

16-18 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Өзгелердің жаңалығы