Атырауда үй қызметшісі 56 млн теңге ақшаны ұрлап кеткен

17 Мамыр 2021, 22:16
4781
Бөлісу:
Атырауда үй қызметшісі 56 млн теңге ақшаны ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

102 арнасына 1975 жылғы азаматша қоңырау шалып белгісіз адамдар пәтерге еркін кіру арқылы сейфті еркін ашу жолымен 56 млн теңге ақшасын жасырын жымқырғанын айтқан, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 жылғы азаматшаны ізін суытпай анықтады. 

Күдікті Шымкент қаласында ұсталды. 

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 19-21 мамыр аралығында "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.


Өзгелердің жаңалығы