Атырауда студенттер фестивалі өтті

29 Мамыр 2019, 21:17
3052
Бөлісу:
Атырауда студенттер фестивалі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Atyrau Students Union жобасы аясында облыс студенттері арасында «Студенттік көктем» дәстүрлі фестивалі өтті.

Бұл шараны Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Басты мақсат – талантты жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, бірлікті нығайту және олардың мәдени әлеуетін арттыру.

Атырауда студенттер фестивалі өтті

Фестивальға 11 жоғары, кәсіптік-техникалық және аудандық оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты. Іс-шара басында мәдениет үйінің алдында әр оқу орны костюм таңдау және көпшілік алдына шығудағы өз креативтілігін көрсетті. Одан әрі олар музыкалық нөмірлерін, сондай-ақ оқытушы мен студенттің бірлескен музыкалық нөмірлерін көрсетті.

Атырауда студенттер фестивалі өтті

Бас жүлде Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі студенттерінің қанжығасына байланса, бірінші орынды Атырау медициналық колледжі еншіледі.

Екінші және үшінші орындарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Құрманғазы ауданының аграрлық колледжі өзара бөлісті. Ал, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыкалық колледжі «Ең ұйымшыл оқу орны» номинациясы бойынша марапатталды.

Атырауда студенттер фестивалі өтті

«Қатысушылардың дайындығы жоғарғы деңгейде. Біз бүгін тамаша сайыстың куәсі болдық. Осындай ауқымды шаралар біздің өлкемізге деген сүйіспеншілікті нығайтатыны сөзсіз. Барлық қатысушыларға сәттілік тіледім. Дегенмен ең бастысы бұл достық қарым-қатынас екенін ұмытпауымыз керек», - дейді байқаудың әділқазылар мүшесі, ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақова.

Өзгелердің жаңалығы