Атырауда Даун синдромы бар балалар саны артты

11 Наурыз 2021, 07:10
2616
Бөлісу:
Атырауда Даун синдромы бар балалар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы республикада сәбилер өлімі бойынша үшінші орында. Өткен жылы облыста 17 789 бала дүниеге келіп, 184-і шетінеп кетті, деп хабарлайды azh.kz.

Облыста туу саны 2019 жылмен салыстырғанда 1100 балаға айтарлықтай өсіп, нәресте өлімі 7,9%-ға төмендеген, бірақ бәрібір өте жоғары деңгейде қалып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің пікірінше, өкінішке қарай, жүкті әйелдердің міндетті үш сатылы скринингтен өтпеуі теріс әсерін тигізіп отыр. Ал бұл тексеру ұрықта даму ақауларының бар-жоғын бақылауға мүмкіндік береді. Өткен жылы ресми статистикаға сәйкес, жүкті әйелдердің тек 38%-ы скринингтен өткен. Нәтижесінде 2020 жылы Даун синдромымен 2019 жылға қарағанда 5 бала көп дүниеге келген (сәйкесінше 133 және 138).

Кейбір әйелдер жеке медицина орталықтарында тексеруден өткен болуы мүмкін. Пациенттердің өздері скринингтік тексеруден өту қажет болған кезде (жүктіліктің 12, 18-20 және 30 апталарында) кейде емханаларда УЗИ мамандарының жоқтығына шағымданады. Ал жеке емханаларда УЗИ-ге түсуге кез келгеннің қалтасы көтере бермейді.

Басқарма басшысы шетелдегідей белгілі бір сала маманының УЗИ аппаратқа өзі түсіріп, өзі тексеретін нұсқаны оңтайлы деп есептейді.

Дәрігерлер, әсіресе гинекологтар, гастроэнтерологтар, урологтар - фонендоскоппен қатар УЗИ аппаратына түсіруді жақсы меңгеруі керек. Біз дәрігерлерді осыған үйретуді жоспарлап отырмыз, бірақ бұған уақыт қажет, - деді Асхан Байдуәлиев.

Өзгелердің жаңалығы