Атырауда қайтыс болған науқас бір апта үйінде емделген

4 Маусым 2020, 13:27
2148
Бөлісу:
Атырауда қайтыс болған науқас бір апта үйінде емделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында коронавирус жұқтырған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы ӨКҚ – де өткен онлайн брифингте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. Қайтыс болған екі науқас Атырау облысының тұрғындары. Біріншісі 1964 жылғы  Теңіз кен орнының қызметкері. Ал, екіншісі 1951 жылы туған , зейнеткер.
Коронавирус індетінен қайтыс болған науқас   респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық ауруханасының провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілді.  Ауыр жағдайда "Екі жақты пневмония, Жедел тыныс алу жетіспеушілігі" диагнозымен жатқызылған. Нәтижесінде екі жақты полисегментарлы пневмония, ауыр түрі анықталып, қайтыс болды.  Ал, көз жұмған екінші адам бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы 3 күні диарея белгілері , артынан жөтел, дене қызуының жоғарлауы, ентігу, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі белгілері пайда болған. Кеуде клеткасының КТ зерттеуі жасалды. Өкпе тінінің зақымдалу көлемі – 50% құрады.  Түскен кезден бастап науқас  ВРАР-режимінде мұрын арқылы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды,- дейді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясы салдарынан қайтыс болған науқастардың өлім жағдайын талдау мақсатында құрылған комиссия осы жағдайларға клиникалық тексеріс жүргізуде.  Қортындысы тексерістен кейін қосымша хабарланады.
Өзгелердің жаңалығы