Бас жаңалықтар
Атырауда ауылдық балаларға арналған "Дарын" орталығы ашылды
29 Қаңтар 2020, 02:28 115

Атырауда ауылдық балаларға арналған "Дарын" орталығы ашылды

Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда ауыл мектептеріндегі дарынды-өнерлі балалардың білім деңгейін көтеру  мақсатында "Дарын" орталығы  ашылады. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған семинар-кеңесінде айтылды.

Облыстың бас ұстазы семинарда Жансұлу Төремұратова өткен жылы жасалған жұмыстарға  тоқталды. Оның айтуынша, 2019 жылы бес мектепке дейінгі мекеменің құрылысы аяқталып, 1000-нан астам балабалабақшаға барса, биыл 2000-ға жуық бүлдіршінді қамтитын жеті балабақша пайдалануға беріледі.

"Балапан"  бағдарламасы аясында елімізде көптеген жобалар жүзеге асты. Өткен жылы Атырау облысында да  аз жұмыс жасалған жоқ.  2021 жылы да  мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында облыста 2600 орындық 9 бала-бақша және Атырау мен Индер аудандарында 460 орындық 3 жекеменшік балабақша тапсырылады. Сөйтіп, барлығы 2025 жылға дейін облысымызда 56 балабақша және шағын орталықтар ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеудеміз. Әдістемелік орталықтарда ат салысуда, - деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Сонымен қатар Жансұлу Төремұратова Атырау облысы білім саласы 2015-2019 жылдар бойы ең төменгі деңгейді көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мектепішілік тәртіп пен сапаны жақсарту мақсатында талапты күшейтіп, жүйелі іс-жоспар жасақталуы тиіс. Ал оның орындалуын мектеп директорлары қадағалайтын болады.

Айта кетейік, семинарға жоғары оқу орындарының басшылары да қатысты.  Олар осы семинар аясында облыстық білім беру басқармасымен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.



Фото: автордан
Загрузка...