Бас жаңалықтар
Атыраулық ЖЭС-тағы апат қалпына келтірілді
20 Қаңтар 2019, 14:44 504

Атыраулық ЖЭС-тағы апат қалпына келтірілді

Астана, BAQ.KZ. 19 қаңтар күні желілік су жүретін бір магистральді құбыр желісінде бір жарым метр болатын  жарық пайда болды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Апат болған жердегі суды тоқтату үшін сағат 19:50-де желілік насостар тоқтатылғандықтан қалалық желілерге ыссы судың айдауы тоқтатылды.

Апат болған жерге сағат 20:20 шамасында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келіп апаттын салдарын дереу жою үшін  ведомствоаралық жедел штаб құрылды.

Сағат 21:50 шамасында апат болған жерді жөндеп желілік магистральді құбыр желісін сумен толтырып қалаға жылу берілді

Жылуды бергеннен кейін екі сағат шамасында құбыр ішіндегі температура өз деңгейіне жетті. Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған ведомствоаралық жедел штаб ендіге кезекте апаттың болған себептерін анықтайтын болады.
Загрузка...