Астаналықтар жұмбақ жарқылға куә болды

14 Қараша 2021, 10:04
1524
Бөлісу:
Астаналықтар жұмбақ жарқылға куә болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қарашада кешке Нұр-Сұлтан мен қала маңындағы тұрғындар аспандағы жұмбақ жарқылды байқады.

Кейбір куәгерлер метеорит көргендерін хабарлауда.

Жарқыл шамамен 19.25-те болған. Tengrinews.kz мәліметінше, бұл туралы бірінші елорданың сол жағалауы мен Қосшы тұрғындары байқаған. Куәгерлер жарқылдың найзағайға ұқсамайтынын айтты.

Құбылыс көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бұл жағдай бойынша мәлімет түскен жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Сол уақытта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ештеңе ұшпаған. Кейбір азаматтар метеориттің салдарынан болды деп санайды.
Аспаннан ақ шар ұшты, артында қызыл құйрығы бар. Мүмкін метеор. Қаладан тыс жерде Талдыкөл көлі ауданында. Жерге жетпеді, бірақ аспанға бірнеше секунд жарық берді, - деді куәгерлердің бірі.
Тағы бір елорда тұрғыны кометаға ұқсас нәрсе көргенін айтады.
Өзгелердің жаңалығы