«Астанадан» жеңілсек трагедия емес – БАТЭ бапкері

22 Тамыз 2019, 15:10
1613
Бөлісу:
«Астанадан» жеңілсек трагедия емес – БАТЭ бапкері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде елордада «Астана» мен БАТЭ кездеседі. Осы ойынның алдында БАТЭ клубының бас бапкері Алексей Бага тілшілердің сауалына жауап берді. 

— Еуропа лигасында жеребе «Астанаға» жолықтырғанға көңіліңіз тола ма?

— Бұл жерде бізде таңдау жоқ. Іріктеу кезеңнің плей-офф бәсекесіне жетудің өзі үлкен еңбек. Жеребе деген осындай.

— Нұр-Сұлтанда күн жаңбыр. Бұған көзқарасыңыз қандай?

— Жақсы жағынан қараймын. Біздің ел орманға бай. Жаңбыр жауған кезде саңырауқұлақтар көбейеді. Бұл енді плюс.

— Жасаңды алаң — БАТЭ үшін проблема ма?

— Ішкі чемпионатта синтетикада жиі ойнап тұрамыз. Еурокубокта да мұндай сәттер кездеседі. Сондықтан тез бейімделеміз деп ойлаймын. «Астана» — өте күші команда.  Біз мұнда 2016 жылы болдық. Ол кезде тегеурінді еді. Қазір де осал емес. Команда құрамы жақсы таңдалған. Бапкері де мықты. Бізді екі қиын кездесу күтіп тұр.

— Плей-оффты сырт алаңда бастағанға көңіліңіз тола ма?

— Бізде әртүрлі сценарийлер болған. Оның бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдаймыз. Ойынның барлық ережелерін қабылдау керек.

— Командаңызда қандай проблема бар?

— Негізгі қақпашымыз бен орталық қорғаушыны Минскіде қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Басқасы келді. Негізгі құрам туралы шешім ертең қабылданады. Бірақ қазірдің өзінде кімдерді шығаруға қатысты болжам бар. Егер біз жарақаттар туралы айтатын болсақ, онда тек екі ойыншы ғана көмектесе алмайды.

— «Астана» сапынан кімдерді ерекше атап өтесіз?

— Әр шептің өз көшбасшылары бар. Постников, Маевский, Томасов — өте мықты ойыншылар.

— БАТЭ 2016 жылмен салыстырғанда соңғы 2 жылда күшейді ме?

— Бұл тақырыпты ұзақ талқылауға болады. Біз негізгі құрамның 8 ойыншысын жібердік. Өйткені, олар басқа клубқа ауысып кетті. 8 ойыншы кеткеніне қарамастан, плей-оффқа жетіп жатырмыз. Соған қарағанда, мұның өзіндік ерекшелігі бар екені сөзсіз.

— Ертең ойын 0:0 есебімен аяқталса, қалай қарайсыз?

— Бұл сұраққа жауапты 29 тамыз күні кешке бере аламын.

— Жалпы, матчтан не күтесіз?

— Футбол мерекесін күтемін. Еурокубок дегеніміз - бұл жанкүйерлер, стадион және өзіндік антураж. Осы тұста Америка ашпай-ақ қояйын. Біздің 
чемпионаттарымызда трибунасы көрерменге толы ойындар жетіспейді.

— «Астанадан» ұшып кетсеңіз, сіз үшін бұл трагедия ма?

— Маған осы сұрақты жиі қояды. Спорттағы лексиконымда трагедия деген сөз жоқ. Спортта басқа да көптеген қорқынышты жағдайлар бар. Екі команда одан әрі қарай өткісі келеді. Әрине, бұл жағымсыз жағдай, әркім өз дивидендтерін алғысы келеді. Бірақ мен оны қайғылы жағдай деп атамаймын.

Өзгелердің жаңалығы