Астанада «Айбынды ардагерлер» концерті өтті
VIDEO
8 Мамыр, 18:30 743

Астанада «Айбынды ардагерлер» концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күні мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне арнап «Айбынды ардагерлер» концерті қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл – дәстүрлі шара. Биыл төртінші рет өткізіліп жатыр. Бұл идея ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында туындаған болатын. Ардагерлеріміздің ауласына, үйіне кіріп те концерт қою – ерекше іс-шаралардың бірі. Сол сияқты шағын әскери-патриоттық парад сол кісілердің ауласында өткізіледі. Биыл бұл іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, қала әкімдігі, Мәдениет басқармасы бірлесіп өткізіп жатыр, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Ол сөзін жалғай отырып, елордада 18 ардагер бар екенін, ол кісілерге арнайы құрмет көрсетілетінін айрықша атап өтті.

Бүгінгі репертуарымызды ардагерлерімізге арнайы түрде дайындадық. Сол замандағы әндер, әрбір ардегердің жүрек түкпірінен орын алған – Жеңіс күніне арналған музыкалар қойылды. Олар қарша борап тұрған оқтың астында бүгінгі біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін қан кешіп жүрді. Оларға құрмет ретінде шағын концерт қойдық, – деді Е.Рахмадиев атындағы филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Никита Почиталин.


Фото: дереккөз
Загрузка...