Астанада қарды уақытылы шығармаған сауда орындары айыппұл төлеуде

26 Ақпан 2020, 06:15
1124
Бөлісу:
Астанада қарды уақытылы шығармаған сауда орындары айыппұл төлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, іргелес және бекітілген аумақты қар мен мұздан уақытылы тазартпағаны үшін 120 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 5 725 000 теңгені құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысын қадағалап отырады.

Қыс басталғалы бері қарды уақытылы тазалап шығармағаны үшін 481 шағын және орта бизнес субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл соммасы 4 424 000 теңгені құрады.

Аулаларды тазартумен айналысатын мердігер ұйымдарға бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері 95 мердігерге абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 7 047 000 теңге айыппұл салынды.

Жеке меншіктегі жүк көліктерінің 92 жүргізушісі 2 143 000 теңге айыппұл төледі. Атап айтсақ, экологиялық полиция қызметкерлері "Азия парк" СОСО, "Хан Шатыр" СОСО, "MEGA Silk Way" СОСО аумақтарын уақытылы тазартуды қамтамасыз етпеген "Мега Плаза" ЖШС, "Rem.kz" ЖШС, "Тазарту" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ұйымдардың әрқайсысына жүз мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қар тазарту машиналарының жұмысын қиындатуға әкеп соғатын жол бойында қалдырылған көліктер бойынша жұмыстар жүргізілуде. "102" пультіне коммуналдық және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына кедергі келтіретін автомобильдерге қатысты 1 925 қоңырау түсті.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес субъектілерінен, жеке меншік сектор тұрғындарынан су тасқынының алдын алу үшін өз аудандарындағы қарды уақытылы тазартуды сұрайды.
Өзгелердің жаңалығы