Астанада үшем дүниеге келді

26 Ақпан 2019, 10:14
2532
Бөлісу:
Астанада үшем дүниеге келді

Астана, BAQ.KZ. Астанада 2019 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Бұл отбасыда бұған дейін де егіздер дүниеге келген болатын. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

№ 3 Перинаталдық орталықта биыл алғашқы үшем дүниеге келді.  

"19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм", - деп мәлімдеді перинаталдық орталық дәрігерлері.

Жас ана мен үшемнің денсаулығы жақсы болғандықтан оларды бүгін үйіне шығарады.

Өзгелердің жаңалығы