"Астана" президенттік клубы тарады

14 Тамыз 2020, 10:25
2506
Бөлісу:
"Астана" президенттік клубы тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" президенттік кәсіби клубы тарады. Бұл туралы журналист-инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-каналында жазды.

"Астана" президенттік кәсіби клубы тарады. Президенттік клубқа кіретін "Астана" ФК, велокоманда "Astana Pro Team", "Астана" БК, "Барыс" хоккей командасы президенттік команда статусынан айырылды, - дейді Айдын Қожахмет.

Айта кетейік, "Астана" президенттік кәсіби спорт клубы 2012 жылы құрылған. Лондон Олимпиадасындағы тарихи жетістіктен кейін елде спорттық бум болғаны жасырын емес. Сол кезде "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының қаржыландыруымен "Астана" президенттік кәсіби спорт клубы өз жұмысын бастаған болатын. 

Алғашында "Pro Team Astana" велокомандасы, баскетбол мен футбол клубтары, "Барыс" хоккей клубы, "Астана Дакар Тим", "Astana Arlans" боксшылары, су және ат спорты бойынша командалар, "Қазақстан барысы" ұлттық күресті дамыту жобасы мен сол жылы екі мәрте Олимпиада чемпионы болып, атағы дүркіреп тұрған Илья Ильин мен марқұм Денис Тен клубқа қабылданған еді.

Кейіннен қаржыландыру азайып, жобалардың саны қысқарды. Соған байланысты футбол, баскетбол, хоккей, велокоманда ғана қалған.

Өзгелердің жаңалығы