Бас жаңалықтар
"Астана LRT" атауы өзгерді
PHOTO
27 Ақпан 2020, 12:46 133

"Астана LRT" атауы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін астанада "Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең" конференциясы өтті. Конференция барысында "Астана LRT" басқарма төрағасы Б.К. Игенбердинов "Астана LRT" атауы өзгергенін хабарлады.

Елордадағы көлік саласының қазіргі және болашақ дамуына тоқталған Бекмырза Игенбердинов 2011 жылы құрылған компанияның тарихына тоқталып өтті. 

image-27-02-20-11-12-1.jpeg

Басқаланы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ауыстырғалы бері қала қарқынды дамып келеді. Қала тұрғындарымен қатар, автобус саны да көбейіп келеді. Бастапқыда елорда тұрғындары 1 млн көрсеткішке 2030 жылы ғана қол жеткізеді деп болжанған еді. Алайда, қазірдің өзінде қала тұрғындарының саны 1 млн 200 мың адамды құрап отыр. Елорда тұрғындарының дені – экономикалық тұрғыда белсенді жұмысбасты адамдар болғандықтан, басты мақсат - олардың мобильділігін қамтамасыз ету керек болды. Бұған дейін қалада қоғамдық көліктің жұмысын тиімді ұйымдастыратын ұйым болмаған. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қала басшылығы 2011 жылы мақсаты қалаға бірізді транспорт жүйесін енгізетін компания құру туралы шешім қабылдап, аталмыш компанияға "Астана LRT" деген атау берген болатын, - деп атап өтті Игенбердинов.
image-27-02-20-11-23.jpeg

Оның айтуынша, уақыт өте келе компанияның атқаратын қызметі кеңейген. Қазір "Астана LRT" түрлі саланың технологияларын енгізеді, басқарып қана отырмай, оларды дамытып отырады. Атап айтқанда:

− Интеллектуалды транспорт жүйесі;

− Автотұрақтар;

− Жол жүру билетін төлеудің электрондық жүйесі;

− Қоғамдық көліктің диспетчерлік жүйесі.

Оның сөзінше, 2019 жыл "Астана LRT" компания үшін жемісті болған.

2019 жылы 1 жаңа қалалық және 5 қала сыртына жүретін маршрут іске қосылды, 24 автобус маршрутында жылжымалы құрамы жаңартылды, 200-ден астам қалалық іс-шараларды өткізуде қызмет көрсетілді, интеллектуалды транспорт жүйесінің 2-кезегі жасап аяқталды. Сонымен қатар, жол жүру билетін төлеудің электрондық жүйесі саласында көптеген жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде төлем жүйесіне мобильді қосымшаларды енгізу, жеке сайт, TRANSCARD мобильді қосымшасын жасап шығару, - деді ол.
image-27-02-20-01-10-3.jpeg

Игенбердиев "Астана LRT" атауы компанияның қазір атқарып жатқан қызметін толығымен ашпайтынын айтты.

Қазір "Астана LRT" – бұл тұтастай қалыптасқан транспорт жүйесі. Компания миссиясы – заманауи технологияларды қолдана отырып, елорда тұрғындарының ыңғайлы және қауіпсіз мобильділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты, қала басшылығы компания атауын өзгерту және ребрендинг жүргізу туралы шешім қабылдады. Сәйкес келетін атау таңдау үшін біз Еуразия Ұлттық университеті мен Аграрлық университет студенттері арасында сауалнама жүргіздік. Жастардың компанияның атқаратын қызметін толықтай зерттеп, өз атаулары мен логотиптерін ұсынуына мүмкіндік бердік, - деді компанияның басқарма төрағасы.
image-27-02-20-11-23-6.jpeg

Нәтижесінде әлемдік трендтерге сәйкес келетін, атауында компанияның қызметін толықтай көрсете білетін, әрі компания үшін оңтайлы атауы таңдалып алынған.

Енді біздің компанияның жаңа атауы "City Transportation Systems" деп аталатын болады. Оны аударғанда "Қалалық транспорттық жүйе" деген мағынаны білдіреді. Біз Ағылшын тіліндегі атауды тектен текке таңдамадық. Біздің компания UITP халықаралық ұйымы – Халықаралық қоғамдық көлік одағының мүшесі. Оның негізгі мақсаты – қала ішінде транспорт қозғалысын қамтамасыз ету, бұл саланы үнемі дамыту. Логотип таңдаған кезде біз компания қызметінің негізгі бағыттарын көрсеткіміз келді, сонымен қоса оның қарапайым болуына мән бердік. Логотипке қарасаңыздар қоғамдық көліктің бейнесі мен жолдармен ассоциацияланатын әріптерді көре аласыз. Жасыл түс – заманауи технологияларды дамытуға деген ұмтылыс, үнемі алға қарай жүру, алдыға қойған мақсатқа жету, - деп түсіндіріп өтті ол.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...