Астана әкімдігі миллион теңгелік 2000 тұрғын үй сертификатын береді

9 Қаңтар 2019, 19:45
1798
Бөлісу:
Астана әкімдігі миллион теңгелік 2000 тұрғын үй сертификатын береді

Астана, baq.kz. Білім беру, денсаулық сақтау, полиция департаменті қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы ауқымды «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда Астана бойынша екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 20,4 млрд теңге болатын несиелерді мақұлдады, бұл 1400 отбасын пәтерлермен қамтамасыз етеді (13,1 млрд теңге 874 отбасыға бөлінді). Бағдарлама қолжетімді болуы үшін біз жергілікті бюджеттен білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек береміз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Өткен жылдың аяғында бюджеттік сала қызметкерлері алғашқы 100 субсидияны алды. 2019 жылы елорда әкімдігі тағы 2 мың сертификатты беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, құрылыста проблемалық мәселелердің бірі – құрылысы аяқталмаған нысандар немесе «ұзақ құрылыс» нысандары.

«Қалада мұндай нысандар саны – 29 (10344 үлескер). Үлескерлердің проблемасын шешу үшін біз 2020 жылдың соңына дейін барлық проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау жөніндегі Жол картасын әзірледік. Қазіргі таңда нақты экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр. Біз бұл проблеманың шешімін табуға тырысамыз», – деп түйіндеді сөзін Б.Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы