Асхат Оралов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

13 Шілде 2020, 11:33
1248
Бөлісу:
Асхат Оралов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Оралов Асхат Раздықұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz  жазды.  

Асхат Оралов 1990 жылы туған. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Философия докторы (PhD). 

Еңбек жолын 2011 жылы ЕҰУ-да бастаған. 

2014-2016 жылдары Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 

2018-2019 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеген.  

2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Павлодар облысы әкімінің орбасары қызметін атқарып келді. 

Айта кетейік, Асхат Оралов Президенттік жастар кадрлық резервіне енген. 

Өзгелердің жаңалығы