Бас жаңалықтар
Әскерде келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетіндер саны артқан
06 Қазан 2021, 14:12 1299

Әскерде келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетіндер саны артқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгін армияда кім қызмет ете алатыны, әскерге шақырылушылардың денсаулығы және оларды жаңадан қабылдаудың қағидалары туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев айтып берді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өсербаев күзгі шақыру қатаң санитарлық жағдайда өтіп жатқанын мәлімдеді. Әрбір медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер кірген әрі Әскери бөлімдерге жіберер алдында жастар ПТР-тестілеуден өтеді.

18 жастан 27 жасқа дейінгі кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. ҚР Президентінің бұйрығы негізінде Алматы қаласы әкімінің қаулысымен қалада шақыру комиссиясы құрылды. Комиссия төрағасы болып Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов тағайындалды. Сонымен қатар, шақыру комиссиясының құрамына құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енді, - деді А. Өсербаев.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдерін жасақтау аяқталуға жақын, кейіннен Ұлттық ұлан Қарулы күштері мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері жасақталатын болады.

А. Өсербаев бүгінде келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетіндер саны артып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биылғы жылы келісімшарттық қызметке Алматыдан 500-ге жуық адам қабылданған. Бұдан басқа, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің деректері бойынша Қазақстанда әскери қызметшілердің 70%-дан астамы келісімшарт бойынша қызмет етеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...