Бас жаңалықтар
«Ashyq» жобасы облыстарға қашан қосылады?
19 Сәуiр 2021, 17:21 182

«Ashyq» жобасы облыстарға қашан қосылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 14 сәуірден бастап Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысының кәсіпкерлік субъектілері жобаға қосыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева айтты.

Оның айтуынша, осы аймақтар бойынша 619 қатысушы тіркелді. Өзге өңірлердің 78 кәсіпкерлік нысан қосымшаны тесттік режимде пайдалануда. 26 сәуірден бастап қосымша барлық облысқа толық кіріктіріледі деп жоспарланған. Жалпы жобаға қатысуға ниет білідіріп жатқан субъектілер көп. Қазірдің өзінде 4275 нысан өтінім беріп үлгерген.

Біз бұл жобаға қалай келдік және ол бизнеске не береді деген мәселеге келер болсақ, өткен жылдың соңында бизнес тарапынан Үкімет пен Мемлекет басшысының атына кәсіпкерлік субъектілердің тоқтап тұруына байланысты шағымдар түсіп жатты. Елде 15 мыңға жуық нысан толық жұмысқа көшкен жоқ болатын. 514 субъект шектеумен жұмыс істеді. Сондықтан біз екі министрлікпен бірлесіп, жалпы шектеуге емес, жеке шектеу бойынша жұмыс істеуге көшу керектігін шештік. Ол үшін инфекция жұқтырған адамға нысандарға кіруіне шектеу қою тәжірибесіне жүгіндік. Ол үшін халықаралық тәжірибені зерттедік. 17 қаңтарада жоба іске қосылды. Бірінші кезекте оған ресепшндері бар нысандар қатыстырылды. Олар - фитнес залдары, СПА. Екінші кезекте боулингтер, бассейндер енгізіле бастады. 14 сәуірде кинотеатрларды қостық. Алдағы жұмадан бастап театрлар қосылады, - деді ол.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, жексенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда кинотеатрлар іске қосылды. Сол күні «қызыл» статусы бар адамдар да кинотеатрға келген болып шықты.


Фото: дереккөз
Загрузка...