Бас жаңалықтар
Ashyq қосымшасына вакцина  алғандар енгізіледі
05 Мамыр 2021, 17:18 338

Ashyq қосымшасына вакцина алғандар енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.

Ashyq қосымшасы «қызыл» және «сары» аймақтағы бизнес субъектілерінің ашылуына мүмкіндік береді. Ashyq бағдарламасына вакцинация әлі біріктірілген жоқ. Онда қазір ПТР-сынамасын тапсырғандар ғана шығады, - деді ол.

Цой болашақта вакцина алғандарды қосымшаға тіркеу көзделіп отырғанын айтты.

Ashyq қосымшасына вакцина алғандарды интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Вакцинациялаудың екі кезеңінен өткен адамдар көрсетіледі. Оларға «жасыл» мәртебесі беріледі, - деді Цой.

Айта кетейік, министр вакцинациялау елде қалай жүріп жатқаны туралы айтып берген еді.

Фото: дереккөз
Загрузка...