Бас жаңалықтар
АШМ басшысы Қарағанды облысындағы фермерлермен кездесті
14 Тамыз 2020, 21:15 313

АШМ басшысы Қарағанды облысындағы фермерлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды ​​облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өңір шаруаларымен кездесіп, бірқатар шаруа қожалықтарын аралады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Министр өңірдегі егін жинау барысы мен сүт фермаларын салу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапарының аясында АШМ басшысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сағынжан Апақашовтан Қарағанды ​​облысындағы егін жинау науқаны туралы жедел ақпарат алды және Қарағанды ​​диірменін аралап, өндіріс процестерімен танысты.

Содан кейін Сапархан Омаров "Астра-Агро LTD" ЖШС және "Шанс"ШҚ орналасқан Абай ауданының Көксу ауылдық округіне барды. Аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өсімдік шаруашылығымен айналысады және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға ниетті.

Егін жинау барысын тексергеннен кейін министр 500 және 400 бас сиыр фермаларын құру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Түстен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Осакаров ауданындағы егін жинау барысын, сондай-ақ Батпақ ауылындағы астық кептіру кешені мен астық қоймасы құрылысының қарқынын тексерді.


Фото: дереккөз
Загрузка...