Бас жаңалықтар
Әшімбаев Тоқаевты қолдау флешмобы туралы: Партия тарапынан тапсырма болған жоқ
03 Мамыр 2019, 11:44 1062

Әшімбаев Тоқаевты қолдау флешмобы туралы: Партия тарапынан тапсырма болған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев желіде тараған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау флешмобы туралы пікір білдірді. 

Журналистердің бірі Nur Otan ғимараты алдында Тоқаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында бір топ адам билеп, флешмоб өткізгені туралы айтып, бұл туралы кандидаттың сенімді өкілінің пікірін сұрады. 

«Ондай тапсырма партия тарапынан болған жоқ. 11 мамыр сағат 18:00 дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ешқандай рұқсат жоқ. Қоғамдық штабымыз ол уақытқа дейін жұмыстар жүгізбейді. Сондықтан біз ондай тапсырманы берген жоқпыз. Мысалы, өңірлердегі әріптестеріміз бастама білдіріп жатса, оны қараймыз. Менің білуімше, жасалған флешмоб акциясында тікелей үгіт-насихатқа қатысты мәселе жоқ екенін заңгерлеріміз айтып отыр. Тағы бұл мәселені қараймыз», - деп жауап берді ол. 

Кандидаттың сенімді өкілі барлық құжаттар, барлық шаралар толықтай заң аясында жүзеге асырылатынын атап өтті. 

«Заңда көрсетілген уақыттан бастап, яғни 11 мамыр сағат 18:00-ден үгіт-насихат жұмыстарын бастаймыз. Біздің барлық жұмысымыз толықтай заң аясында жүргізіледі. Осы сайлаудың ашық тұрғыда әділ өтетіне ешқандай күмән жоқ. Осы бағытта партиямыз да, Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы да нақты жұмыстар атқаратын болады. Біз осы бағыттарда ОСК-мен, бақылаушылармен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», - деп айтты Әшімбаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 300 мың қол жинап, президенттікке кандидат ретінде тіркелгені туралы хабарлағанбыз. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы ресми тіркеген президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылып, оны Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев басқаратын болды. 


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...