Асқар Мамин экологиялық сенбілікке қатысты

10 Тамыз 2019, 14:30
1895
Бөлісу:
Асқар Мамин экологиялық сенбілікке қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.
субъ.jpg
ҚР премьер-министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.

ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды. Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен ірі қалалардың шеткері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд теңге, оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд теңге бөлінді.

суб.jpg

«Агломерация тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.

ҚР премьер-министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

суб 1.jpg

Сонымен қатар ол түрлі бағыттарда энергетика, көлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардың тізімі құрылғанын атап өтті.

«Біз Алматы қаласы мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудан синергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасын әзірлеу керек», - деді Асқар Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

суб 2.jpg

ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. 

суб 3.jpg

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

Өзгелердің жаңалығы