Қаржыгерлер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқыға салды

26 Қаңтар 2019, 14:01
2301
Бөлісу:
Қаржыгерлер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқыға салды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Салық рақымшылығына 90 мың шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Бұл елордада өткен «1С» VIII форумында айтылды.

Шарада 2019 жылы салық және бухгалтерлік заңнамасына қандай өзгерістер енгізілгенін, әрі қаржы министрлігінің «Виртуалды қойма» атты жаңа жүйесіне қатысты мәселелер талқыға салынды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шағын және орта бизнес өкілдеріне салық рақымшылығын жүргізуді тапсырған.

Рақымшылық 2018 жылдың 1 қазанында тіркелген негізгі борышты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімақылары мен айыппұлдарын есептен шығаруды көздейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің алдын ала есептеулері бойынша рақымшылыққа 90 077 ШОБ субъектілері қатыса алады.

Сонымен қатар форумда «1С» компаниясының серіктестерімен «1С: Кәсіпорын» негізінде автоматтандырудың күрделі мәселелері талқыланды.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы