Бас жаңалықтар
Қаржы технологиялары арналған тиісті тұжырымдама әзірленеді – Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 11:21 184

Қаржы технологиялары арналған тиісті тұжырымдама әзірленеді – Әбілқасымова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы технологияларын және цифрландыруды дамыту үшін Ұлттық банкпен бірлесіп қаржы технологиялары мен инновацияларына арналған тиісті тұжырымдама және реттеу ортасы әзірленеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында ведомствоның қолға алған іс-шаралар жоспарын таныстырды.
Қаржы қоғамдастығымен бірлесіп, инвестициялаудың және капитал тартудың қосымша мүмкіндіктерін жасау үшін қаржы секторын дамыту бойынша кешенді шаралар әзірленеді. Қаржы технологияларын және цифрландыруды дамыту үшін Ұлттық банкпен бірлесіп қаржы технологиялары мен инновацияларына арналған тиісті тұжырымдама және реттеу ортасы әзірленеді. Сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша жаңа қаржы құралдарын реттеу мен әзірлеуді жетілдіру бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер дайындалатын болады. Тиісті заң жобасын Үкіметтің қарауына осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр, – деп түйіндеді сөзін Мәдина Әбілқасымова бүгінгі өткен Үкіметтің кезекті отырысында.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау аясында орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздегі кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы қолға алынатын іс-шаралар аясында "Бизнеске арналған үкімет " бірыңғай терезесі құрылатынын баяндады. Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша шешімдер әзірленетінін мәлімдеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңаратынын айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...