Мәдениет вице-министрі Арыстағы вокзалдың жөндеу жұмыстарымен танысты

16 Тамыз 2019, 11:30
1545
Бөлісу:
Мәдениет вице-министрі Арыстағы вокзалдың жөндеу жұмыстарымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешов арнайы іссапармен Арыс қаласына келді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен «Арыс-1» теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысқан Нұрғиса Мұратұлы жергілікті тарихи маңызға ие нысанның сыртқы келбеті мен ішкі әрлеу жұмыстарының тиісті талаптарға сай жүзеге асуын пысықтады», - делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2019-08-16 at 10.24.51.jpeg

Осы орайда министрлік тарапынан шұғыл комиссия тобы құрылып, қайта жөндеу жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігі, сәулеттік келбетінің тарихи қалпында сақталуы, құрылымдық негіздері сарапқа салынды.

WhatsApp Image 2019-08-16 at 10.24.54.jpeg

Министрліктің мәліметінше, сапар барысында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Айтмұхаметов, «Қазқайтажаңарту» РМК директоры м.а. А.Садуов, «Қазқайтажаңарту» РМК бас кеңесші-жетекші инженері Қ.Тұяқбаев, Ғылыми зерттеу және жобалау филиалы, жоба бас архитекторы Н.Имажанов, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі С.Қалқаманов, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма басшысының орынбасары А.Жетпісбаев, Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықованың қатысуымен арнайы мәжіліс өтті.

Өзгелердің жаңалығы